oC

5 қыркүйек Тілдер мерекесіне орайлас жас ақын Алтынай Берікпен кездесу кеші болып өтті. "Балалар кітапханасы" жобасы аясында қолға алынған іс-шара – әуесқой жас ақындардың шығармашылығына шабыт беру, өңіріміздің таланттарын қалың оқырманға таныту және кейінгі буынды поэзия әлеміне баулуды көздейді.

Жыр кешінде оқушыларымыз ақын өлеңдерімен қатар тіл туралы толғаныстармен де бөлісті.

Әдеби-сазды кездесу кеші оқушылардың жас ақынмен сырласу сәтіне ұласып, ерекше сезімде тарқасты.