oC

              

 

  

 

 

Мектеп - білім ордасы. Оны басқару – күрделі де қиын іс. Болашақтың шаңырағы биік болсын деген жанашыр азаматтар жаңа заман талабына сай игілікті жұмыстардың ұйымдастырушысы бола білді. Олар қарапайым жұмыстан күрделі нәрселерге дейін басы - қасында болып, әрбір ұстаздың ерекшелігі мен әдістемелік шеберлігі мен теориялық  білім сапасына баға бере отырып, жаңа істерге шыңдады. Оқушыны жанымен түсініп, оларды жүрек нұрымен сүйе отырып, ұстаз қауымына бала тәрбиесінің қыры - сырына терең бойлауға бағыт берді.

Қазіргі таңда 128  мұғалім қызмет ететін,  1294  шәкірт білім алатын, білім беру мен тәрбиелеуді жүйелі үйлестіруде жан-жақты жетілген,сан әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда шыңдалған бұл мектеп қаламыздағы қазіргі Абай даңғылы бойындағы  №56 үйдің орнында 1 қабатты шағын бастауыш мектеп ретінде қаланған екен. Шағын, аппақ етіп ақталған білім ошағы халық аузында "Ақ школ" деген атқа ие болған.

Қалалық білім бөлімінің меңгерушісі Мәриям Сабырқызы Хусаинова болған тұста, яғни 1958-1959 оқу жылында №140 мектеп 7 жылдық қазақ мектебі болған. Онда 290 оқушы білім алған, 112-сі қазақ, қалғаны басқа ұлт өкілдері. Небары 7 класс бөлмесі болған. Жалпы мектепке бөлінген жер учаскесі 0,75 га.Осы оқу жылында 1-кластар саны - 3, 2-кластар саны - 2, 3-кластар саны -3, 4-кластар саны - 2, 5-кластар саны - 10, 6-кластар саны - 1, 7-кластар саны -1 болған екен. Әр класс кабинетіне шағын болғандықтан тек 10-12 парта сыйыстырылған, онда оқушылар үшеуден тығыз  отырып сабақ оқыған.Келесі оқу жылында бала  саны артып, 378-ге жеткен. Сол тұстағы баға нормативінің әділдігі, білімге деген талаптың күштілігі болса керек, осы 1959-60 оқу жылында 30 оқушы орнында қалдырылып, 14 оқушы күзгі сынаққа қалдырылған.

Үш кезекпен оқыту қиындығы  1961-62 оқу жылынан бастап  өз шешімін тапты,яғни мектеп жаңа ғимаратқа көшіп,еңселі білім ордасына айналды

Қолда бар оқу - материалдық базаны сақтап, білім берудің ғылым деңгейін көтеруде әр кезеңдегі мектеп директорының өзіндік үлесі, нәтижелі істері болғанын атап өтпеске болмайды. Бүгінгі нарықтық қоғамға сай салауатты, жан - жақты тұлғаларды тәрбиелеу Білім Заңы талаптарына үйлесімді болуы тиіс. Ал бұл даму жүйесіне өз ісіне табиғатымен берілген ұстаз - басшылар ғана төтеп береді.

1961-62 оқу жылынан бастап мектеп жаңа ғимаратқа, яғни қазіргі №140 мектеп үйіне көшіріледі. Жылнамаға үңілсек, №140 мектепті құрылғаннан бастап төмендегі директорлар басқарып келді:

  1. 1. 1958-1975ж - Хусаинова Мәриям Сабырқызы
  2. 1975 -1982 ж - Әбенов Абдулла
  3. 1982-1997 ж- Білманов Әділхан Айтмаханұлы
  4. 1997-2003 ж - Бекенов Берік Қалыбайұлы
  5. 2003-2004 ж - Биқожаева Сәрсенкүл Сәлімжанқызы
  6. 2004-2010ж. -Кенбаева Жанат Имашқызы

7.2011-2019 ж - Қоңырбаева Гүлмира Рәсілқызы

  1. 2019-2024 ж. Мұсабаева Айгүл Нажмадинқызы

 9.2024 жылдан бастап Баймбетов Улыкпан Мылтыкбаевич мектеп директоры.