Қай ғасырда болмасын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Ұрпақтың саналы болып қалыптасуына, ел болашағының жарқын да шуақты болуына отбасындағы тәрбие мен тәлімнің алар орны мол.
Отбасы күні қарсаңында ҚХА жанындағы облыстық Аналар Кеңесі, «Отбасын қолдау» орталығы және Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір - саналы қоғам» тақырыбында ақпараттық алаң өтті.
Ақпараттық алаң қонақтары
- Ахатай Баян Орынбасарқызы - Қазақстан халқы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары
- Молжанова Алтынай Бекмағанбетқызы - «Анаға тағзым» орталығының басшысы
- Ержан Искендер – Облыстық мәслихат депутаты, Облыстық "Әкелер одағының" төрағасы
- Құрақбаева Кенжегүл Құрақбайқызы – Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
- Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиал доценті, психология ғ. к.
- Жүсіпбаева Дина Маратқызы - «Ана үйі» қоғамдық қорының өңірлік өкілі
- Сейлханова Гүлайым Шәріпқызы - Облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының наркологиялық емдеу ісі жөніндегі орынбасары
- Ниязов Мұхтар Мәуленұлы - Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театр басшысы
- Шакизат Қаратайұлы - «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының басшысы
- Ахметова Лаззат Сүндетовна - ҚПБ, ЖПҚ, Ювеналды полиция бөлімшесінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі.
Ақпараттық алаң барысында адам баласының түп қазығы, алтын ұясы ол отбасы екендігі, адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жететіні айтылды. Сонымен қатар алаң спикерлері ұлттық құндылықты ұмытпай, әрдайым дұрыс тәрбие беруге шақырды.
https://www.140sh-kzl.edu.kz/kz/zhanaly-tar/988-salauatty-mir-sanaly-o-am.html#sigProId710b568b60



