Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралған ұстаздар мен оқушыларды бүгінгі #1_ҚЫРКҮЙЕК_БІЛІМ_КҮНІМЕН шын жүректен құттықтаймыз! Қызығы мен қиындығы әрдайым қатар жүретін жаңа оқу жылының басталуына орай мектебімізде «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында
Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Каюпов Руслан Мұхамедәлиұлы,
Мектепішілік қамқоршылық кеңесінің төрағасы, “Әлімсақ”журналы мен “Ұстаз мәртебесі” газетінің бас редакторы Нұрлан Көбегенұлы қонақ болып, білім күнімен мектеп ұстаздары мен оқушыларын құттықтап, алдағы жаңа оқу жылына сәтті қадам, таудай талап тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Білім күні — бұл жарқын мереке, мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған балалар үшін алғаш рет қоңырау үні соғылатын күн, ұстаздарға алғыс айтып, әсем гүл шоқтары табысталатын күн, ақ бантик тағып, ақ көйлегін киген оқушылар мектепке асығатын күн! Осындай атаулы күні мектебімізде өткен салтанатты шарада мектеп табалдырығын енді ғана аттағалы отырған 1-сынып оқушылары ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін дүйім жұртты тәнті етті. Салтанатты жиынның ең маңызды сәтінде, 1 сынып оқушылары алғашқы қоңырауды соқты.
Бүгінгі күн-баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге талпынып қадам басқан күні. Болашаққа басқан қадамдарың нық болсын жас ұрпақ! Мәңгілік елдің тізгінін ұстайтын білімпаз ұрпақ болыңдар деп тілек білдіреміз!
https://www.140sh-kzl.edu.kz/kz/zhanaly-tar/980-mektebim-mejirim-mekenim.html#sigProIdea6c518acf



