oC

«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны аясында Абылай Хан Атындағы Мектеп басшысы Айгуль Мусабаева мен мектеп мұғалімдері түнгі рейдке шықты.

Балалардың құқығын қорғау әрбір азаматтың міндеті! Бүгін мектебіміздің мұғалімдері қаламыздағы сауда-саттық орындарына, компьютерлік клубтарға, көлік жуу орындарына рейдке шығып, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІН ҚАНАУҒА ЖОЛ ЖОҚ!

САПАЛЫ БІЛІМ АЛУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАЙЫҚ!