oC

Ұстаз – ұлы есім        

                   М.Әуезов

Шәкіртке тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.

Бүгін мектебімізде 2023-2024 оқу жылын қорытындылап, Пәндік олимпиада, Ғылыми жоба, Кәсіби байқаудан орын алған педагогтарды кәсіподақ ұйымы атынан қаржылай марапаттау рәсімі өтті. Жыл бойы тынбай еңбек етіп, жақсы нәтижеге жете білген мұғалімдердің құрметіне «Жұлдызды шеру» ұйымдастырылып, қошеметке ие болды!

ЖЕҢІСТІ, ЖЕМІСТІ КҮНДЕРІҢІЗ КӨП БОЛСЫН!