24 мамыр күні мектебімізде «Білімім - Отаныма!» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту. Сондай-ақ Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Оқушыларды 2023-2024 оқу жылының аяқталуымен құттықтап, "Үздік, екпінді" оқушылар марапатталды
https://www.140sh-kzl.edu.kz/kz/zhanaly-tar/938-bilimim-otanyma.html#sigProId9180f9de57



