Мұражай - өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырады. Халқымыздың үкілі үміті мен асыл арманын іске асыратын ұрпақ тарихын білуі тиіс. Ғасырлар сынынан өтіп, уақыт пен болмыс қалыптастырған ұлттық дәстүріміз, бабалар маңдай тері, аталар қол еңбегі, аналарымыздың көз майы сіңген дүниелер, көненің көзі, көңіл толқытатын жәдігерлер киелі өлкеміздің мәдениет пен руханият ордасы 80 жылға жуық тарихы бар облыстық тарихи-өлкетану музейі арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыр.
Төл тарихымыз бен ұлттық идеологиямызды насихаттайтын рухани-мәдени орталықтың қорында қазіргі таңда сан түрлі экспонаттар сақтаулы. Мәдени тегімізді танытатын төл мұралар, шашауы шықпай жеткен жауҺарлы жәдігерлер сақталған музейдің жаңарған экспозициясы Алаштың асқақ рухын баяндап, Сыр елінің тарих тағылымын кейінгі жас ұрпаққа таныта беретіні сөзсіз.
https://www.140sh-kzl.edu.kz/kz/zhanaly-tar/932-m-razhaj-skele-rpa-ty-tarikhi-sanasyn-alyptastyrady.html#sigProIdef8b07f672



