Мектебімізге Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Жүсіпова Гүлімай ханым келіп, оқушыларға «Жаз айларында оқушылардың өзін-өзі ұстауы және қауіпсіздік ережелері» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Құрметті ата-ана! Балаңызды жалғыз қалдырмаңыз. Баланы жалғыз қалдырар алдында сіздің міндеттеріңіз:
Балаға өзін-өзі күтуді үйрету;
Сіз жоқта не істеуге болатынын және болмайтынын түсіндіру;
Қорыққан жағдайда сіз жазып берген тізімдегі адамдармен хабарласуға болатынын айту;
Бала жалғыз қалған жерді қауіпсіз ету.
https://www.140sh-kzl.edu.kz/kz/zhanaly-tar/931-balalardy-auipsizdigi-b-rinen-de-ma-yzdy.html#sigProId6847c5667a



