oC

 Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Мереке қарсаңында мектебіміздің 7Ә сынып оқушылары «Қазіргі отбасылық оқу дәстүрлері» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Шара барысында оқушылар отбасы құндылықтары туралы айтып, өз жанұялары туралы қызықты әңгімелермен бөлісті.