Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. "Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көрегенді бала" деп ер адам тәрбиесін тілге тиек етеді. Өйткені әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. Ал әке мектебінен өткен бала сол мұраға қиянат жасамауға тырысқан.
Бүгін Қызылорда облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия және Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің ұйымдастыруымен «Әке - бала қорғаны» тақырыбындағы әкелер_күніне арналған кездесу өтті. Отбасындағы ата, әке, ер азаматтың рөлінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-пікірлерімен бөлісу, оқушыларға отбасының ұйытқысы, негізгі тірегі ата мен әке екенін дәріптеу, ата, әкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатындағы бас қосуға келесідей арнайы қонақтар қатысты
Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы – «Қызылорда облысының Қоғамдық даму басқармасы басшысы
Каримова Қаламқас Арыстанқызы – Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы
Ескендір Ержан - Облыстық мәслихат депутаты, көп балалы әке
Нұрмаханов Нұрлан Көбегенұлы – Қамқоршылық кеңес төрағасы, «Әлімсақ» Республикалық журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты,
Ахатаев Нұрлыбек Ақарыстанұлы – мектеп ата-анасы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жаратылыстану институты директоры, химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы
Меңдібаев Талғат Амангелдіұлы – Әкелер кеңесінің төрағасы, «Орда» жоғары колледжінің оқытушысы, математика ғылымдарының магистрі
Ашық алаңды Алмасбек Әбілқасымұлы ашып, әкелер күнінің маңызына тоқталып, қатысушыларды алдағы мерекемен құттықтады. Аға, орта, жас буын әкелер өкілдері Нұрлан Көбегенұлы Парасатты_отбасы жобасы, Нұрлыбек Ақарыстанұлы Ата_ана_жұмысындағы_бір_күн жобасы, Талғат Амангелдіұлы Қамқор_аға_қамқор_әпке жобалары аясында орамды ойларымен бөлісіп, жиған тәжірибелеріне тоқталды. Асқар таудай әкесін пана тұтқан бала қорқақ, жасқаншақ болмасын атап, қатысушы әкелермен ой алмасты. Кездесу барысында мектептегі жүргізіліп жатырған жобалар жайлы қозғалып, «Ғажайып театр» жобасының қатысушылары аға, әке, ата тәрбиесіне, оның маңызына тоқтала отырып, рақметтерін жеткізсе, «Қауырсын қалам» айдарының мүшелері жырдан шашу арнады. Кездесуді Қаламқас Арыстанқызы қорытындылап, белсенді де ұлағатты әкелерді арнайы алғыс хатпен марапаттады.
{gallery}000i/4{/gallery}



