oC

Ұлтқа қызмет – ұрпаққа міндет. Көрегенді адамның көпке берері де, үлгі болар ісі де жетерлік. Сондықтан кемел келешекке жарқын санамен бағыт алып, жөн сілтер көшбасшы алдыңғы аға буынның қатысуымен Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебі, Қызылорда облысы Әйелдер күші Альянсы ҚБ және Қызылорда облысы бойынша саясаткер әйелдер клубы «Көшбасшы мектеп жастары» тақырыбында ашық алаң ұйымдастырды. Аталмыш алаң қонақтары

  1. Рахима Қаржаубайқызы - Әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебінің жетекшісі

  2. Нұрмат Абдоллаұлы - М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры, айтыскер ақын

  3. Шәкизат Қаратайұлы - Республикалық «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының басшысы

  4. Айжан Орынбасар - Облыстық «Ақиқат» пікірсайыс клубының төрағасы

  5. Әли Кеңесұлы – Жастар рухы Қызылорда қалалық филиалының төрағасы, Мансап мектебінің мұғалімі.

Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін көшбасшылар мектеп оқушыларына тәлімді әңгімелерімен бөлісті. Мамандықты дұрыс таңдаудың құпиялары мен сырларын, технология қарыштап дамыған сәттегі ғаламторды оң тұрғыда игеру, қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрудің болашақтағы әсеріне тоқталып, жөн сілтеді.

Көшбасшы қай кезде де өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді. Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, осы сынды ортада болу, оң бағыт алып, іздену арқылы келеді. Осындағы әрбір оқушы еліміздің нағыз патриоты ретінде жан-жақты білім ала отырып, шет елдердің озық тәжірибелерін үйреніп туған жеріміздің сан саласында еңбек етеді деп сенеміз.