24 мамыр 2023 жыл
«Білімді Ұлт» Ұлттық жобасының және ғылымды дамыту жөніндегі ұлттық жобаның жүзеге асырылуын қолдау мақсатында мектебімізде ҒЫЛЫМИ БАҒДАР БЕРУ шеберханасы жұмыс жасап, 1 жылғы жұмысын қорытындылау мақсатында Облыстық Дарын қосымша білім беру орталығымен бірлескен облыстық ғылыми жобалар байқауы өтті. Байқауда 2 бағыт 6 секция бойынша 79 ғылыми жоба қорғалды. Сонымен қатар биология пәнінен олимпиада ұйымдастырылып қала бойынша 30 білім беру ұйымы қатысып, үздік деп танылған дарынды, талантты балалар марапатталды.
Бүгін «Ғылыми бағдар беру» шеберханасының жылдық жұмысы «Білім берудің цифрлық трансформациясы: Білім. Ғылым» атты халықаралық_ғылыми_практикалық конференциясымен қорытындыланды. Конференцияға АҚШ, Ресей елдерінен және Алматы және өз қаламыздың жоғары оқу орындарынан төмендегідей ғалым оқытушылары қатысты
Фоминых Наталия Юрьевна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті, Мәскеу қ.
"Жаңа педагогиканың әдіснамалық бағдарлары"
Ермекова Айнагүл Амангелдіқызы - жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Дж. Вашингтон университеті Болашақ бағдарламасының стипендиаты (АҚШ).
ХББ НЗМ информатика пәнінің мұғалім - сарапшысы, Павлодар қ.
"Американдық мектептің бейнесі қазақстандық мұғалімнің көзімен"
Хуррам Шехарьяр – Вашингтон халықаралық мектебінің информатика мұғалімі. АҚШ, Вирджиния штаты.
«Білім берудегі цифрлық технологиялар»
Сатаева Жеңісгүл Иманғалиқызы - ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Алтынсарин» медалінің иегері, тарих ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор, №181 жалпы білім беретін мектеп директоры, Алматы қ.
Ахметова Аян Сеилханқызы - педагогика және психология магистрі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы, Қызылорда қ.
Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің кейсі»
«Білім берудің цифрлық трансформациясы: Білім. Ғылым» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы жұмысының бағыттары
1-бағыт: Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында болашақ мұғалімдерді дайындау
2-бағыт: Білім берудегі цифрлық технологиялар
3-бағыт: Білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі педагогикалық аспектілер
4-бағыт: Әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті ұстаз келбеті (өз тәжірибесінен)
Конференция барысында шетелдік ғалымдардың ғылыми мақалаларын талқылауда 1623 жылдан бастап педагогика жеке ғылым ретінде қарастырылып бірнеше өзгерістер болғаны, білім берудің цифрлық трансформациясы барысында әдіснамалық бағдарламалар мен ұсыныстар айтылды
Білім берудің формалары мен әдіснамасы (кейс анализі, пікірталас форсайты, жаппай ашық онлайн курстары)
Әркім өз мамандығының дизайнері болу қажет. Білім берудің ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИЗАЙНЕР оқыту формасы, жаңа әдіс-тәсілі айтылды.
Америкадағы орта білім беру мекемелері мен Қазақстандағы орта білім беру мекемелерінің арасындағы ұқсастығы мен алшақтығы айтылды. Яғни Америка мектептерінде мұғалім мен оқушы арасындағы ашықтық пен еркіндік, мектепке деген құрмет, толеранттық қарым қатынас, оқыту методикасындағы ерекшелік, мектептің баланың қызығушылығы мен қажеттілігіне жұмыс жасауы, балалардың сыни ойлау дағдысы мен физиологиялық дамуына толыққанды жағдай жасалғаны айтылып, онлайн тәжірибе алмасты.
Халықаралық деңгейде білім саласындағы оңтайлы цифрлық технологиялардың бірнеше түрлері таныстырылды.
Білім берудің, оқушылардың білім жетістігін бағалаудың ЦИФРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ тиімділігі жөнінде тәжірибе алмасты.
Цифрлық ресурстар мен цифрлық технологияларды пайдалана отырып онлайн және дәстүрлі оқу мен оқытудың айырмашылығына тоқталды.
Білім берудің цифрлық трансформациясында, 5-11 сыныпта өз пәнін тиімді пайдаланып түрлі персонаждарды сөйлету, кейіпкерлерге өз даусымен ықпал ете отырып әр персонажға жан бітіру.
Оқыту дизайнерлері әдетте онлайн курстарды құрумен жұмыс істейтіндігі, олардың асинхронды оқытуға арналған материалдарды әзірлеуге ерекше назар аударылатындығы айтылды.
Педагогикалық дизайн қазіргі кезде заманауи принциптерге қайта құрылып, білім берудің кез келген сигментінде пайдаланылады.
Конференцияның пленарлық отырысында ғылыми мақалаларды талқылай келе төмендегідей шешім қабылданды
«Білім берудің цифрлық трансформациясы: Білім. Ғылым» негізін әлемдік кеңістікте қолдануға бағыт алу.
Ғылыми тұжырымдамалар мен ғылыми мақалаларды кеңінен насихаттау
Ұрпақтар сабақтастығын нығайту, шетелдік қандас ғалымдарымызбен білім көкжиегіндегі байланысты күшейту.
Білім берудің цифрлық трансформациясы және цифрлық технологиялары бойынша педагогтардың кәсіби деңгейін көтеру, біліктілік курстарын ұйымдастыру
Цифрлық білім беруде ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИЗАЙНДЫ мектеп иммиджіне айналдыру.
Құрметті әріптестер, «Ғылыми бағдар беру» шеберханасының оқу жылындағы атқарылған жұмыстарының шешімдері мен ұсынымдарын жаңа оқу жылының жоспарына енгізіп, бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз.
{gallery}1000-7/8{/gallery}



