oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/1000-7/7
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/1000-7/7

26 мамыр 2023 жыл

Кәмелетке толмағандар арасындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу өте маңызды. Балалардың бос уақыттарын ұйымдастыра алмау, оларды ата-ана-ларының қараусыз қалдыруы әртүрлі жазатайым жағдайларға, жарақат пен өлімге алып келеді. Осы ретте кәмелетке тол¬мағандардың жарақаттануын болдырмау үшін кәмелетке толмағандардың үйде және көшеде, суда және өрт кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау ережелері бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиналысқа қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция капитаны Ахметов Бекжан, Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғаныс тобының офицері, лейтенант Бақдәулет Бейжұма, жедел құтқару жасағының сүңгуірлік құтқару бөлімшесінің басшысы Абдикалыков Ролан, Облыстық жастар денсаулығы орталығы валеолог маманы Арай Алтаева және психолог маманы Еркебұлан Әбсамат қатысты.

Сала мамандары ата-аналарға білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу, судан зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету, денсаулықты сақтау бағыттарындағы кеңестерімен бөлісті.

Құрметті ата - ана, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыз, жолда жүру, суға жомылу, жеке бас гигиенасы ережелерін сақтауда балаларыңызға үлгі болыңыздар. Егеменді еліміздің болашағы – балалар. Сондықтан бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық.

{gallery}1000-7/7{/gallery}