oC

"Ұлт тәрбиесінің қайнар көзі кітапхана"

 

"Балалар кітапханасы" жобасы аясында кітап оқуды насихаттау мақсатында өткізіліп жатқан "Ұлт тәрбиесінің қайнар көзі кітапхана" атты шара өз жалғасын табуда.

Мектеп кітапханашылары "Сүйікті жазушымның сүйікті кітабы" тақырыбында 3"Г" сынып оқушыларымен оқырмандар конференциясын өткізді. Ағартушы педагог Ыбрай Алтынсарин туралы, оның еңбегін, өмірбаянын, шығармашылық мұрасын баяндап, өлеңдерін оқушылар кезекпен кезек мәнерлеп оқыды. Шара соңында 3"Г" сынып оқушысы Әбдімұрат Азамат күй шертті.