oC

 Мектеп парламенті

 

Мектебімізде жүйелі түрде жұмыс жасап жатқан #Мектеп_парламенті жаңа Президентін сайлау болып өтті.

#Мектеп_президенті лауазымына үміткерлер сайлау алдындағы бағдарламаларын өткізіп, жаңа идеялар мен жобаларды ұсынды. Дауыс беру қорытындысы бойынша 9 “Ә” сынып оқушысы Мұхан Айзере барлық кандидаттар арасында ең жоғары дауыс жинап, жаңа президент лауазымына тағайындалды.

Айзереге және оның командасына сәттілік пен барлық ойластырылған жоспарларының жүзеге асуын тілейміз.