Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде #Қамқор_аға_қамқор_әпке жобасы аясында, «ӘРБІР БАЛА – БІР ЖҰЛДЫЗ» тақырыбында үйде оқытылатын, мүмкіндігі шектеулі балалар мен «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының оқушылары арасында #team_building өтті.
Шараның басты мақсаты: балалардың санасында мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу және олардың арасында достық қарым-қатынасты орнату.
Мектебіміздің директоры Айгуль Мусабаева мүмкіндігі шектеулі, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің маңыздылығы туралы айтып, балаларға жылы лебізін білдірді.
Әрбір бала - бір жұлдыз, өзіндік жеке тұлға.
#Team_building 3 кезеңнен тұрды:
«Ертегілер елінде»
«Кім жылдам?»
«Жүрек жарды тілек»
Team building барысында оқушылар бірігіп, түрлі-түсті бояумен саусақ іздерін қалдыру арқылы #достық_ағашын салды.
Шара соңында оқушыларға естелік сыйлықтар табысталып, балалар көтеріңкі көңіл-күйде шараны аяқтады.
«Жас бала – жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеймін десең, сындырып аласың…» демекші, баланы тұлға ретінде қалыптастыруда ата-ана мен педагог жұмысының маңызы зор.
Сондықтан мүмкіндігінше, әр баланың жүрегіне жол салып, қалауының кілтін тауып, қабілетін ашып, жұлдызын жағып, жарқырата білуіміз керек.
БАЛАЛАР БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ!
https://www.140sh-kzl.edu.kz/kz/zhanaly-tar/1037-am-or-a-a-am-or-pke.html#sigProId09bb4ea9cb



