oC

 

БІЛІМ ҒЫЛЫМ НӘТИЖЕ "Ғылыми бағдар беру шеберханасы”

”ЖЕР ЕЛШІЛЕРІ” кіші мектеп жобасы

”МЕТЕОРОЛОГИЯ” тәжірибелік зерттеу алаңы

Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебі

”Жер елшілері”креативті жастардың Бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы” жобасы шеңберінде білім алушыларға экологиялық білім беруді жүзеге асыру мақсатында 7, 10 сынып оқушыларымен география, химия пәндерімен кіріктірілген ғылыми зерттеу, кәсіби бағдар беру мақсатындағы сабақ өткізілді.

Сабақ Қызылорда облыстық Қазгидромет орталығы филиалының зертханасына саяхаттаумен басталды.

Онда 2 санатты инженер (метеоролог) Кыстаубаева Нургуль Мейрамовна таныстырылым жасады.

Келесі саяхат Қорқыт Ата атындағы Қызылорда облыстық университетіндегі “Киберхимия зертханасы” мен “Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы” зертханаларында жалғасты. Білім алушыларымызға Қорқыт Ата университетінің география ғылымдарының кандидаты Айдаров Оразхан Тұрсынқожаұлы дәріс берді.

Оқушылардың экологиялық білімі мен құзіреттіліктерін дамытудың ұтымды жолдарымен және оқушыларға қажетті материалдар арқылы білімдерін химия пәні мұғалімі Ботпанова Гүлсім, География пәні мұғалімі Ахметова Жазира тәжірибелік “Ауа райы, метеорологиялық элементтер мен ауаның құрамдас бөліктері” тақырыбында сабақ өткізді.

Функционалдық сауаттылыққа, экологиялық тәрбиеге, мамандық таңдауға бағытталған сабақ болды. Биылғы оқу жылында барлық ұстаздарымыздың білім алушылары жаңа заманға сай озық ойлы шәкірттерімен толықсын. Ғалымнан ілім, Ұстаздан білім-БІЛІМДІ БОЛАШАҚ ҮШІН.