oC

"Ана тілім, дана тілім, бақ тілім"

 

           "Балалар кітапханасы" жобасы аясында мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен "Ана тілім, дана тілім, бақ тілім" тақырыбында топтық сайыс өткізді. Сайысқа мектебіміздің 3"Б" сынып оқушылары қатысты. Сынып жетекшісі Караева Айнұр. Сайыс барысында балалар "Қыран" мен "Тұлпар" атты екі топқа бөлінді. Ойынның шарты бойынша қазақтың мақал-мәтелдерінің жасырылған жалғасын табу арқылы "Ана тілі" атты сөзді құрастырды. Ойын соңында "Қыран" тобы сөзді толық құрап жеңімпаз деп танылды.

Мақсаты:

Оқырмандарға өз тіліне деген құрметті арттыра отырып, ұрпақтан ұрпаққа, ауыздан - ауызға тарап, мәнін жоймай сақталған мақал-мәтелдерді насихаттау.