Әрбір жеке адам өмірінің маңызды бастауы, рухани өзегі – отбасы. Мұндағы негізгі мақсат – отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы ұғымының қоғамдық санамен сабақтасқан ішкі үйлесімін қалыптастыру.
Осы орайда мектебіміздің ”Отбасы штабы” мен Облыстық ҚХА жанындағы аналар кеңесінің ұйымдастыруымен “ZIYATKER OTBASY” сайысы өтті. Сайыс қазақ халқының салт-дәстүрлері, мақал-мәтелдер, елдің тарихы, әлем жаңалықтары сынды сұрақтарды қамтып өте тартысты өтті.
Аталмыш сайысқа әлеуметтік қолдауды қажет ететін, көп балалы 5 отбасы қатысып, ойын соңында сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды.
https://www.140sh-kzl.edu.kz/kz/zhanaly-tar/1000-ziyatker-otbasy.html#sigProId78684fd320



