Қазақ халқы ертеден қыз баланы әдептілік пен ибалылыққа тәрбиелеген. Ата-бабаларымыздың дәстүрлі дүниетанымында қыз баланың өрілген ұзын бұрымына ерекше назар аударған. Дана халқымыз шашты сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, әйелдер қауымына берілген Алланың айрықша сыйы деп ерекше қарап, құрметтеген.
Ұлы Абай атамыз да қыздың бұрымы туралы былай деп жырлаған:
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
Мектебіміздегі ұзын шашты, бұрымды қыздарымыздың видео ролигін назарларыңызға ұсынамыз…



