«Білімнің биік асуы - математика» атты апталық аясында мектебіміздің 10 сынып оқушыларына математика пән мұғалімі Жақыпова Бейбіткүл "Мамандық-өмір таңдауы" тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университет базасында саяхат сабақ өткізді.
Кездесу барысында Информатика және АКТ кафедрасының меңгерушісі, п. ғ. к, қауымдастырылған профессор Тілеубай Сәрсен Шайкамалқызы және Физика және математика кафедрасының меңгерушісі Қайыңбаева Лариса Сағижанқызы оқушыларға университет жаңалықтарымен бөлісе отырып, өз мамандықтарының қыр - сыры туралы тың мәліметтер берді.
{gallery}neww-17{/gallery}
Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде 27 қазан күні «Білімнің биік асуы-математика» атты апталық аясында 8 «Б» сыныбында информатика пәні мұғалімі Жусупова Мирамкүл «Заманауи кибер қауіп-қатер» тақырыбына ізденіс сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты : Интернет желісін пайдаланудағы алаяқтықтар мен қауіп- қатерлерді салыстыру;
Желіде ақпаратты қорғаудың маңыздылығын тұжырымдау.
Сабақ барысында оқушылар Wordwall программасы арқылы топқа бөлініп және үй тапсырмасына тест жұмысын жүргізіп, QUIZLET программасында термин сөздерді жаттады. Оқушылар өздерін білімге құштар екенін көрсете білді. ІТ технологиясын кеңінен қолданды.
{gallery}neww-18{/gallery}



