oC

Тамыз мәслихаты 2024 жыл

"Ғылыми жобаға дайындау модельі" тақырыбында Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебі директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Утешова Майгуль Алмағанбетқызы Қызылорда қаласы бойынша мектептердегі директордың ғылыми-әдістемелік орынбасарларының қалалық секциялық отырысында баяндама жасап, әріптестерімен білім алушыларды ғылыми жобаға дайындаудың ұтымды жолдарымен және мұғалімдерге қажетті материалдармен таныстырды.

Сондай ақ, АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ №140 ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНДЕГІ "ҒЫЛЫМИ БАҒДАР БЕРУ ШЕБЕРХАНАСЫ" мен "ПЕДДИЗАЙН СТУДИЯСЫ" ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫНДА облыс, қала мектептерінің педагогтарымен студияда офлайн, онлайн форматтағы тәжірибе алмасулардың өткізіліп отыратындығын, оған шетелдік ғалымдардың қатысып әлемдік деңгейдегі дәрістердің оқылытындығын және алдағы уақытта қала педагогтарын үнемі қатысып тәжірибе алмасуға шақырды.

Былтырғы оқу жылының мамырында өткізілген "Білім берудің цифрлфқ трансформациясы: Білім. Ғылым" тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Англия, Беларуссия, Россия, Қазақстан университеттерінің ғалымдары қатысып дәріс оқыған болатын. Биылғы оқу жылында барлық ұстаздарымыздың білім алушылары жаңа заманға сай озық ойлы шәкірттерімен толықсын. Ғалымнан ілім, Ұстаздан білім-БІЛІМДІ БОЛАШАҚ ҮШІН.