Жыл сайынғы дәстүр бойынша оқушыларды жаңа оқу жылына дайындауда материалдық қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылатын «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы өзінің жалғасын тауып, кезекті демеушілеріміздің қолдауымен тағы да оқушыларымызға мектеп құралдары салынған сөмкелер табысталды.
Қайырымдылық — ізгіліктің көрінісі, адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Игі іске ниетті демеушілеріміздің бірі Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктердің бірі «Қазақстан Халық Банкі» біздің мектеп оқушыларына арнайы дайындаған сыйлықтарын табыстау үшін мектебіміһде қонақта болды. Алдағы оқу жылына арнап жылы тілектерін білдіріп, оқушылардың озат болуын тіледі.





