oC

Шара барысында ата-аналар балаларды мектепке қабылдау, тіркеу, мектеп асханасында тегін ыстық тамақтану мен тасымалдау бойынша, білім беру саласындағы электрондық сервистер арқылы мемлекеттік қызметтерді алды. Іс шара мемлекеттік қызмет алушыларға көмек және қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Ата-аналар мектеп әкімшілігіне өз сауалдарын қойып жауаптарын алды. Балаларды мектепке қабылдау, тіркеу үшін мемлекеттік қызмет көрсету электрондық форматта "Электрондық үкіметтің" EGOV.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады".

Мектеп әкімшілігі алдағы уақытта да ата-аналармен тығыз байланыста болып, түсіндірме жұмыстарын үнемі жүргізеді.