oC

 2024 жылдың тамыз айынан “Абылай хан атындағы N140 қазақ орта мектебінде” бүлдіршіндерге «Балақайлар мектебі» атты қысқа мерзімді оқу-іс әрекеті жалғасуда.

Бұл оқу-іс әрекетінің мақсаты болашақ бірінші сынып оқушысының бастауыш мектепте білім алуына дайындығын қалыптастыру, бірінші сынып оқушысының сәтті бейімделуі және мектепке деген оң көзқарасын қамтамасыз ететін зияткерлік қасиеттерін, шығармашылық қабілеттері мен жеке қасиеттерін дамыту болып табылады.

Мектеп мұғалімдері сауат ашу, математика сабақтарын өте қызықты өткізіп, баланың сөйлеуін,логикалық ойлауын дамытуға ерекше назар аударды.

Бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Бағила Қайратқызы

#балақайлармектебі

#АбылайханатындағыN140қазақортамектебі