Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде 8 тамыздан бастап 1-сыныпқа баратын мектепке дейінгі ұйымдарға бармаған балалар үшін “Балақайлар мектебі” мектепалды даярлық қысқа мерзімді курстары ұйымдастырылды.
Мақсаты:
- баланың мектепте оқуға оң көзқарасын қалыптастыру;
- 1-сынып оқушысының жеке қасиеттерін қалыптастыру;
- бірлескен іс-әрекет дағдыларына тәрбиелеу;
- коммуникативтік-танымдық қабілеттерді қалыптастыру;
- шығармашылық қабілеттерін дамыту.
“Балақайлар мектебі” мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты арттырады, мұғалімдер мен ата-аналарға балаларды мектепке оқуға үйренуге мүмкіндік береді.
Құрметті ата-ана, сіздің де балаңызды “Балақайлар мектебі” курсына қатысуға шақырамыз!



