oC

«... Кетігін тап та, бар қалан!» #челлендж

Қымбатты #түлек2024! Бүгін сіз әлемді жақсы жаққа өзгерте аласыз, бір адамның басқаларға қалай әсер ете алатындығының жарқын үлгісі бола аласыз!

2024 түлегі – ол қандай болуы керек? Ол ересек, жауапты адам ба, әлде әлі де бала ма? Сіз өз өміріңізді қаншалықты дұрыс жоспарлап, мақсат қойып, шешім қабылдай аласыз?

Қазір қазақстандық қоғамның барлық назары сіздерге, түлектерге бағытталып отыр.

Қымбатты оқушылар, #түлек2024, мектеп шағы - сендердің өмірлеріңдегі ең қызықты сәттердің бірі. Мектеппен қоштасып, жаңа өмірге қадам бастын кез де келді. Алда мыңдаған мүмкіндік күтіп тұр. Ең бастысы өздерің үшін дұрыс таңдау жасай біліңіздер! Ұл-қыздарымыздың батыл әрі тәуекелшіл болуына тілектеспіз. Армандарыңызға нық сеніп, алға қадам басыңыздар! Ата-ананың, алтын ұя мектептің, елдің мақтанышы болыңыздар!

Сәт сапар, ЖАС ТҮЛЕК!

Қызылорда Қаласының Білім Бөлімі

Kyzylorda Tarbie Sport Ortalygy