«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны аясында
Спорт – адамның рухани әлемі үшін де маңызды. Өйткені, әлсіз әрі қиындыққа көп ретте қарсы тұруға қауқары жетісе бермейтін жандарға мамандар бір ауық спортпен шұғылдануға кеңес береді екен. Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене жаттығуларына ден қойсаңыз, жаңа құлшыныс пен тың серпін арқасында ерекше өмір сүруге ұмтыла түсесіз. Бұл да спорттың, дене жаттығуларының бір құдіреті.
Мектеп жанындағы «БАЛДӘУРЕН» жазғы тынығу лагері балалар арасында «СПОРТ ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ» тақырыбында спорттық сайыс ұйымдастырды. Балалар сайысқа бар ынта-жігерімен қатысып, белсенділік көрсетті.
КЕЛЕШЕК ҰРПАҒЫМЫЗДЫҢ ДЕНІ САУ, БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН БОЛСЫН!



