oC

Оқушылар үшін жылдың ең сүйікті мезгілі - жаз және жазғы демалыс. Бұл балалардың дамуына, тәрбиесіне, денсаулығына өте маңызды рөл атқарады. Барлық ата-аналар бұл уақытты балалары есте қаларлықтай қызықты әрі қауіпсіз өткізгенін қалайды.

Бастауыш сынып оқушыларының демалысын, бос уақытын және сауықтыруын қамтамасыз ету мақсатында мектебіміздің жанынан күндізгі «Балдәурен» жазғы тынығу лагері өз жұмысын бастады.

Лагерь 27.05-07.06.2024ж. аралығында жұмыс жасап, 80 оқушыны қамтамасыз ететін болады.

Лагеріміз алдын ала бекітілген жоспар бойынша 4 орталық бөлініп жұмыс жасап жатыр. Олар: «Ойын орталығы», «Quiz show», «Өнер орталығы», «Спорт орталығы». Оқушылармен тәрбиешілер,  дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері тығыз жұмыс жүргізуде.

Бірінші күннен бастап тәрбиешілер әр ооқушымен тіл табысып, жеке жұмыс жасап көңілдерін көтеруге кірісіп кетті. Балалардың әрбір сәтін есте қаларлықтай қып өткізу үшін оқушылардың сүйікті персонаждарын шақыртып, керемет сәт сыйлады.