Ана — әлемдегі ең ардақты да, аяулы жан. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, жүрегінің астында жатқан нәрестесінен барын да, нарын да аямайтын ананың адам өміріндегі орны ерекше. Ананың аялы алақаны мен жылы сөзі балаға қанат бітіретін ең керемет күш.
Мектебіміздің 1Ә сынып оқушылары 12 мамыр Аналар күніне арнап “МЕНІҢ АНАМ АЛТЫН” атты видеоролик дайындады. Оқушыларға “Сені анаң қалай еркелетеді?” деген сұрақ қойылды. Бала тілі бал демекші, балалардың тәтті жауаптарын қабыл алыңыздар.
ҚАРАҒЫМ ДЕГЕН ЖЫЛЫ СӨЗ ТОН БОЛЫП ТӘНДІ ЖЫЛЫТПАСА ДА, ЖАНДЫ ЖЫЛЫТАДЫ!
Бір-бірімізге жылы сөз айтып жүрейік!



