oC

Мамыр айының 10-жұлдызында оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыру, шапшаңдыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектеп кітапханашылары мектебіміздің 2"А" сынып оқушыларымен танымдық сағат өткізді. Мектеп кітапханашылары оқушыларға кітапты жеке-жеке уақытпен оқытып, оқыған тақырыбы бойынша сұрақ жауап алды. Оқушылар оқу барысында бір-бірімен жарыса қызығып оқып, сұрақтарғада жақсы ат салысып жауап беріп отырды.