Ұлы Жеңісті жақындатуға абзал арыстандарымыздың майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Ағалардың ардақты ісін бүгінгі күні кейінгі ұрпаққа лайықты табыстармен жалғастырып келеді.
Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектеп кітапханашылары Маманова Салтанат пен Бегман Махаббат мектебіміздің 9 "В" сынып оқушыларымен "Мәңгілік алауға" барып еңбек ардагерлеріне гүл шоқтарын қойып, алғыстарын айтып, өлеңдерін оқыды.



