oC

Дебат - тәртіп пен тәрбие, білім мен жылдамдық. Сөз жарыстырып, пікір таластыра отырып қарсыласты құрметтейсіз. Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы.

Қызылорда Қаласының Білім Бөлімінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Ұшқыр ой" тақырыбында педагогтар арасында өткізілген пікір-сайыстың қалалық кезеңінде мектебіміздің ұстаздары Перизат Несіпбаева пен Бақытжан Жақсылықтан құралған команда топ жарып жүлделі І орынды иемденді.