Сыныптан тыс сабақ.
Өтетін орны:Әбілдә Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.
Сыныбы: 2 "А"
Пән мұғалімі: Омаркулова Жадыра Шайхықызы
25.04.2024жыл
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы:Ертегілер елінде,,Жолбарыс пен түлкі"
Сабақтың мақсаты:
Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету,сахналап беруге талпындыру,кейіпкердің мінез-құлқын сезіндіру,есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру,ауызекі сөйлеу тілін дамыту.Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып,кешірімді болуға тәрбиелеу.
Кітапханада балаларды балалар әдебиет бөлімінің кітапханашысы Байымбетова Рита Сапарқызы қарсы алып,кітапхана ішімен таныстырып шықты.
Сабақтың түрі:Сахналық қойылым
Сабақ түрлі әдіс-тәсілдер арқылы мақсатқа жетуге бағытталған. "Ойлан тап", "Зымыран сұрақтары", "Сиқырлы қобдиша"әдісі арқылы оқушылар ортаға шығып,аң суретін ала отырып,қимылын салады.
Сабақта оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары болды.
Сабақтың әр кезеңінде оқушылар мадақталып отырды. Сабақ соңында ,,Еркін микрофон"әдісімен бүгінгі сабақтағы ой түйінделіп,"Білім разряды"әдісі арқылы кері байланыс берілді.Балалар көңілді,жақсы әсерде болды.Сыныптан тыс сабағы жоғары деңгейде өтті.




