Сыныбы: 3 ”Д”
Пән мұғалімі: Дузжасарова Ақмаржан Онғарбекқызы
24.04.24жыл
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есім
Сабақтың мақсаты: Мәтін ішінен есептік және реттік сан есімдерді анықтайды.Есептік және реттік сан есімдерді ажыратады.
Сабақтың түрі: Интелектуалды сабақ
Сабақты психологиялық ахуалмен бастады.
”Бинго”әдісі арқылы өткенді пысықтап, жаңа сабақ тақырыбы, мақсаты хабарланды.Джекпот сандар бойынша 3 топқа бөлінді
Сабақ барысында оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстар орындап,«Смарт сағат» бағалау жүйесі арқылы бағаланды.
Жұптық жұмыс кезінде «Навигатор» әдісі арқылы сандардың есептік және реттік сан есім екенін ажыратты
Тақырыпқа, жастарына сай сергіту сәті таңдалған. Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың іс-әрекеті дескрипторлар арқылы бағаланды. Балалардың платформамен жұмыс жасап қалыптасқаны байқалды. “Білім разряды” әдісі арқылы кері байланыс алынып, үйге тапсырма берілді. Сабақ жоғары деңгейде өтті.




