Сыныбы: 4"В"
Пән мұғалімі: Оспанова Бағила Қайратқызы
23.04.2024жыл
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Құрама есептер.
Сабақтың мақсаты: шамалар арасындағы тәуелділікке;пропорционал бөлуді табуға берілген есептерді талдау және шығару.
Сабақтың түрі: операционалдық-танымдық сабақ
Топтарға бірігу: «Юпитер», « Жер», «Марс», «Сатурн» .
"Банкомат" әдісі арқылы өткенді пысықтап, жаңа сабақ тақырыбы, мақсаты хабарланды.
Сабақ барысында оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстар орындап, «Зымыран» бағалау жүйесі арқылы бағаланды. Жұптық жұмыс кезінде «Gimkit» платформасы қолданылды. Тақырыпқа, жастарына сай сергіту сәті таңдалған. Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың іс-әрекеті дескрипторлар арқылы бағаланды. Балалардың платформамен жұмыс жасап қалыптасқаны байқалды. «Білім зымыраны» арқылы кері байланыс алынып, үйге тапсырма берілді. Сабақ жоғары деңгейде өтті.




