«БІЛІМ НЕГІЗІ - БАСТАУЫШ» тақырыбымен бастауыш сыныптар апталығының әдеби-музыкалық қойылымымен ашылуы өтті.
Мақсаты:
Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру;
Бастауыш сынып балаларының оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Өзін - өзі басқару мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.Осы мақсатта оқушылардың өнерлері паш етілді.




