oC

 

Отанын сүйетін, оны қорғап, борышын орындаған азаматтардың орны қай кезде де бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрметтің азаймауы. Мұндай азаматтар - әр отбасының алтын қазығы, арқа сүйер сүйеніші. М.Жұмабаев: «Елге ер қымбат, елге ердің адал жүрегі қымбат» деген.

Мектебімізде адал жүректі, абыройлы да асқақ мамандық иелерімен бірлесе «Жас сарбаз – болашақ батыр» тақырыбында "SMART сарбаз " мектебінің ашылу салтанаты, патриоттық-форсайт ашық алаңы өтті. Бүгінгі күні жасөспірімдер арасында өзекті болып отырған мәселелерді шешуді көздеген "SMART сарбаз" мектебінің басты мақсаты – жас ұрпақтың рухын көтеру, рухани және шығармашылықтарын үздіксіз дамыту, болашаққа бағдар беру болып табылады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің Тәрбие, идеологиялық және кадрлар жұмысы бөлімі, ҚР ҚМ 66597 әскери бөлімі, ҚР ІІМ ҰҰ 5547 әскери бөлімі және Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлесе өткен патриоттық-форсайт ашық алаңының арнайы шақырылған қонақтары

  • Ескендір Ержан - «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиал төрағасы, Облыстық мәслихат депутаты
  • Ердуллаев Бақытбек - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жанындағы әскери кафедра оқытушысы, запастағы майор.
  • Абдиракинов Нурбек Абитаевич- ҰҚКШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің подполковнигі
  • Төлебай Әкімжан Еркінұлы – ҰҚКШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің аға офицері
  • ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің Тәрбие, идеологиялық және кадрлар жұмысы бөлімі қызметкерлері
  • Маханбетов Нұржан Жағыппарұлы - «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығы» қызметкері
  • Өтегенов Қорған - Қызылорда облыстық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің қызметкері
  • Мектеп директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасарлары.

"SMART сарбаз" мектебі аясында әскери-серіктес мекеме ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментімен келісімге қол қойылып, ынтымақтастық меморандум рәсімі жасалды. Бірлескен жұмыстың алғашқы қадамдарының бірі ретінде мектеп оқушыларын "SMART-SARBAZ" қатарына қабылдау шарасы жүргізіліп, болашақ әскери мамандықты таңдап отырған 9-10 сынып оқушыларына куәлік табысталды.

"SMART-SARBAZ" үйірмелерін құру ғылыми-техникалық прогресті дамыту, өз технологиялық шешімдерін жасай алатын мамандарды тәрбиелеу арқылы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге бірыңғай көзқарастар мен тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Жас ұрпақты "инновациялық идеяларды виртуалды шындыққа айналдыруға" үйретуде мол септігін тигізеді.

"SMART-Сарбаз" мектебінің мүшелері қонақтарға «Қару-жарақпен дефиле ұсынып, автоматты бөлшектеу және жинақтау бойынша уақытқа норматив тапсырып, қоян қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті. Әскери-серіктес мекемелер оқушыларды әскери қызмет барысында қолданылатын заманауи құрылғылар көрмесіме таныстырып, олардың атқаратын қызметтері жайлы түсінік берді. Ашық алаң барысында мектеп театры «Шаңырақ тілеулесі» тақырыбындағы қысқаша қойылымы ұсынып, ескі дәстүрді жаңғыртып әр шаңырақта түздегі мен үйдегі жағдайын үйлестіріп отыратын ақылман аналардың бейнесін аша білді. Сонымен қатар офицер аналары сөз алып, жас сарбаздарға игі тілектерін, ыстық лебіздерін жеткізді.

Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс — шара болды деп есептейміз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндері таусылмасын.