oC

 

ҒЫЛЫМ. ІЗДЕНІС. ЖАСЫЛ ҒАЛАМШАР

ҒЫЛЫМИ БАҒДАР БЕРУ ШЕБЕРХАНАСЫ.

ПЕД.ДИЗАЙН СТУДИЯСЫ.

"Ғылым.Ізденіс.Жер сағаты."

Еліміздің барлық өңірінде "Жер сағаты" экологиялық акциясы мен 12 сәуір Ғалымдар күні аталып өтілуде.

Акция аясында "Түлектер аллеясына" Қорқыт Ата университетінің ғалымдарымен "Алтын" белгіге, "Үздік" аттестатқа үміткер түлектер 12 түп ағаш отырғызды.

Мектебіміздің жас натуралистері "Табиғатпен селфи" фотогалереясын ұсынды.

Бастауыш сыныптың жас жеткіншектерінің "Қоршаған ортаны қорғау-балалар көзімен" тақырыбында қылқаламмен өрнектелген галерясын келушілер тамашалады.

"Экологиялық қалдықсыз өнім". Оқушылар түрлі қалдық заттарды, қалдықсыз пайдалы өнімге айналдырған. Қоқысқа тасталып, қоршаған ортаны ластамай, екінші рет кәдеге асқан бұйымдар көрмесі сәтті шыққан.

Экологиялық тәрбие. Меморандум. Әлеуметтік серіктес мекеме.

"Август" жеке кәсіпорын директоры Илияс Алмат Маратұлымен меморандумға қол қойылды.

Меморандумға мектептегі ескірген қағаздар, кітаптар, мерзімі аяқталған құжаттар, жарамсыз жихаз, электро тұрмыстық қалдықтарды қоқысқа тастамай іске асыру мақсатында жасалды.

"Бүгінгі Эко Ғылым" айдарымен жаратылыстану ғылымдарының кандидаты Ахатаев Нұрлыбек Ақарыстанұлының және аймақтық мектептердің орынбасарлары, жаратылыстану пәні мұғалімдерімен форсайт-сессия өткізіліп, сессияда экологиялық тақырыпта өзекті мәселелер талқыланды.