«Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы негізінде «ШАХМАТ ОЙНАУ» челленджін мектебіміздің оқушылары да қабылдады.
Челлендж мақсаты: білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыта отырып, білім алушылардың шахмат ойнауға қызығушылығын арттыру және челлендж қатысушылары арасында жағымды қарым-қатынас орнату.
Шахмат – көне тарихы бар зияткерлік ойын. Қазіргі кезде жастар арасында сұранысқа ие, ең көп таралған үстел ойындарының бірі. Шахмат ойыны тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, оқушылардың логикалық ойлауы мен өз іс-әрекеттерін жоспарлауға үйретеді және зейін шоғырлануындамытады.
Шахмат – жинақылық, сыни тұрғыдан ойлау, абстрактілі ойлау, есептерді шешу, үлгіні тану, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық, талдау, синтез және бағалау сияқты өмір бойы ақыл-ой дағдыларын дамытатын шексіз зияткерлік жаттығулар жиынтығы десек те болады.



