oC

Бүгін қаламыздағы «№2 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» орталығы мен К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп гизназиясының ұйымдастыруымен «МЕН БАҚЫТТЫ БАЛАМЫН» тақырыбында педагог-ассистенттер мен ЕББҚ оқушылар арасында спорттық сайыс болып өтті. Сайысқа мектебіміздің педагог-ассистенті Жайнагүл Темірқызы мен 1”В” сынып оқушысы Ысқақов Санжар қатысты. Сайыста танытқан белсенділіктері үшін, мектебіміздің қатысушылары жүлделі ІІІ орынға ие болып, жеңіспен оралды.

Ерекшебала – болашақ дана. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар қазіргі қоғамның ерекше бір бөлшегі. Біздің арнайы мамандардың мақсаты – ерекше балаларды дамыту, қолдау көрсету, ата-анамен бірлесіп дұрыс бағыт-бағдар беру.

Ерекше баланы оқытатын әрбір ұстаздың асыл арманы – шәкіртін қайткен күнде оңалту, оны аяққа тұрғызып, өмірге бейімдеу. Жеңісті күндеріміз көп болсын!