Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінің 8-10 сынып оқушылары арасында қоғамда белең алып тұрған мәселелер төңірегінде “Лудомания - қоғам дерті ” тақырыбында дебат ойындары өткізілді!
Өмірге, қоршаған ортаға сын көзбен қарап, түрлі зиянды әдеттерден аулақ болуға үйрету басты назарда.
«Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы екені сөзсіз. Осы орайда оқкшылардың пікірін білу маңызды.
Дебат ойынына 8-10 сынып оқушыларынан дебат клубының пікірсайысшылары қатысты. Үздік командалар марапатталды.




