Жасөспірім шақтан мамандық таңдау және оған бейімделу қажет. Ал біз мектеп оқушыларына бейіміне қарай мамандық таңдауға бағыт-бағдар беруге міндеттіміз.
Осы орайда бүгін мектебімізде 9-сынып оқушыларына "Мамандықтар жәрмеңкесі" шарасы ұйымдастырылды. Өңіріміздегі түрлі колледждерден арнайы мамандар келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түрлі мамандықтардың қыр-сырымен бөлісті.
Қоғамға қажет болатын және аса маңызды орын алатын мамандық түрлеріне де аса тоқталып өтті. Мектеп оқушылары таңдап отырған колледжіндегі мамандықтары туралы сұрақтарына толық жауап алды. Мектеп қабырғасынан бастап қандай мамандық таңдау қажет екенін білу білім алушылар үшін өте жауапты іс болмақ.




