oC

Мектебіміздегі Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар және жасөспірімдер ұйымының оқушылары “Тапқыр оқырман” атты әдеби лото викториналық ойынға қатысқан болатын.

Оқушыларды көбірек кітап оқып, рухани бай болуға баулитын бұл шара Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада өтті. Оқушылар «Білімділер» және «Ойшылдар» болып екі топқа бөлініп, сұрақ-жауап сайыстарына қатысты. Өздерін жаңа қырларынан көрсетіп, білімдерін шыңдады.

Шара соңында “Балалар бұрышымен” танысып, шарадан алған жағымды әсерлерімен бөлісті.