"ҒЫЛЫМИ БАҒДАР БЕРУ ШЕБЕРХАНАСЫ" АЯСЫНДАҒЫ №31 ТӘЖІРИБЕЛІК АЛАҢЫ
6 наурыз 2024 жыл
"ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИЗАЙН" жобасымен Жас педагогтардың қорытынды іс-шарасы болып өтті.
Жас мұғалімдерге жаңаша форматтағы оқуды ұйымдастыру, ұжымда ұтымды тәжірибелерімен алмасып, ынтымақты байланыс орната білу. Олай дейтініміз жас педагогтарымыз оқу жылы барысында өздерінің киберпедагогикалық әдіс тәсілдерін, сабақ барысында қолданатын ұтымды платформалармен жұмыс жасау тәжірибелерімен бөлісіп, 5 ай көлеміндегі жұмыстарын қорытындылады.
Шығармашыл тұлғаны дамыту үшін жас мамандардың өзара тәжірибе алаңында кездесуі оларға берілген мықты мотивация.
Тәжірибе алаңында жас ұстаздар 4 топқа бөлініп, Тәуелсіздік жылдарындағы тарихи, мәдени оқиғалардан композициялық қойылымдар көрсетті.
Тәжірибе алаңында өткізген жұмыстарына орай мектебіміздің жас ұстаздарының еңбегі еленіп, мектеп директоры Мусабаева Айгуль Нажмадинқызы, кәсіподақ ұйымының төрайымы Жусупова Мирамкуль Карамановна қаржылай сыйлық, диплом, номинация тапсырып, шығармашылық табыс тіледі.
Әр апта сайын түрлі іс-шаралар ұйымдастырып тәжірибе алмасып отыратын жас ұстаздар бұл жолыда көңілді күйде тарқасты.



