oC

«МЕНІҢ БАУЫРЫМ» ЕРІКТІЛЕР ЖОБАСЫ

 27 наурыз 2024 жыл

 Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Мемлекет Басшысының “Әділетті Қазақстан - Адал азамат” Ұлттық құрылтайының отырысында берілген тапсырманы орындау шеңберінде “Менің бауырым” атты республикалық еріктілер жобасы іске асыру бойынша қала мектептері педагогтеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

"Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру дың Ұлттық ғылыми-практикалық институтының Шымкент қаласы бойынша аға оқытушысы Панова Айгүл Нәбижанқызы мектеп педагогтеріне жобаның мақсаты менміндеттерін, тиімді де ұтымды жақтарын, жүзеге асыру тетіктеріне байланысты оқыту-тренингін өткізді. Жоба аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің арнайы ерікті студенттері мектеп оқушыларымен жұмыстар жүргізіп, «Менің бауырым» еріктілер жобасының іске асырмақ.

Сонымен қатар “Ата-ана педагогикалық қолдау орталығының” атқарылып жатырған жұмыстары таныстырылып, жоспарлы іс-шаралар талқыланды. Алдағы уақытта «Менің бауырым» еріктілер жобасын тиімді жүзеге асыру мақсатында нәтижелі жұмыстар жасалады деген сенімдеміз.