ҒЫЛЫМИ БАҒДАР БЕРУ ШЕБЕРХАНАСЫ аясында «Педагогикалық дизайн» мектебінің №32 әдістемелік-тәжірибе алаңы
Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді.
Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты.
Жаңа заман мұғалімі білім беруде жаңа жолдар мега әдістер табуға дағдыланған маман болулары қажет.
Осыған орай үстіміздегі жылдың 14 наурызы күні педагогтардан "Педагогикалық дизайн-ұстаз имиджі" тақырыбында сауалнама алынды.
Саулнамаға қатысқан мұғалімдердің басым бөлігі, Педагогикалық дизайн, бұл; ұстаз имиджі, Педагогикалық дизайн сипаттары; Бағдарлау, оқыту әдісі, жеке әдістеме,
Сіздің ойыңызша педагогикалық дизайн дегеніміз не? Шығармашылық үлгі, педагогикалық құрал т.б деп жауап берген.
Сауалнаманы алу барысында педагогтардың белсенділігі, қызығушылығы байқалды.
Ұстаздарымыздың сауалнамадағы жауаптарына орай "Педагогикалық дизайн-ұстаз имиджі" кіші жобасы жүргізілетін болады.




