АДАЛДЫҚ ЗАҢ АШЫҚТЫҚ
12 наурыз 2024 жыл
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру және алдын алу мақсатында Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі және Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің ұйымдастыруымен білім беру мекемелері басшылары (мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері) және осы салада ішкі талдау жүргізу функциясын жүзеге асыратын комплаенс қызметкерлеріне #АДАЛДЫҚ_ЗАҢ_АШЫҚТЫҚ тақырыбында ашық-форсайт алаңы өткізілді.
Ашық-форсайт алаңы «Адалдық кіші мектебі» аясында қазақтың зиялы өкілдері Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Міржақып Дулатұлының рөлдері сомдалып, адал ниет, таза көңіл, әділ ұстаным турасындағы айтқан сөздерімен көркемделді.
Форсайт алаңды Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Тенизбаевич Боданов ашып, комплаенс қызметінің негізгі міндеттері сыртқы нормативтік талаптар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша озық халықаралық тәжірибенің сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және қайта бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді жүзеге асыру болып табылатынын жеткізді.
Форсайт алаңының спикерлері
Мадалиева Алайдарқызы Ақзада - ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, ISO 37001 стандарты бойынша сертификатталған аудиторы;
Алмагуль Аяганова Жанділдақызы - ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті;
Alibek Zhappasbaev - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің комплаенс-офицері;
Исаева Айнур Женисовна – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, PhD (Философия докторы) екі бөлімде, яғни білім беру мекемелері басшылары мен білім беру мекемелерінің комплаенс қызметкерлеріне құқықтық-дәріс сабақтар өтті.
Форсайт алаңының арнайы қонақтары
Максут Налибаев Ыбрайханұлы – «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы;
Даурен Шарипбаев Сақтапбергенұлы - Қызылорда облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілі;
Жанара Козбагарова Жалғасбайқызы – ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы парасаттылық үстемдігі, сенімді көзқарас, әділдік принциптері турасында кері байланыс бере отырып, академиялық адалдық қағидаттары басты құндылыққа айналып, әр қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеті мен әлеуеті көтеріліп, адалдық ең басты алғышарттарға айналу қажет екенін атады.
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы «VUCA & BANI-әлем: иллюзиялар, дағдылар, интеллекттер» тақырыбында адам бойындағы дағдылар жайында тренинг өткізді.
Ашық-форсайт алаң соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оларды болдырмау жолында біліктілік пен жауапкершілік танытқаны үшін Алғыс хаттар табысталды.




