Арт-терапия — сезімдерді сурет арқылы жеткізу. Ол жасырынған қабілетті шығаруға, ортамен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалауды үйретеді. Эмоцияны реттейді.
Шараның мақсаты:
-Оқушымен жақсы қарым-қатынас орната отырып,ішкі жан дүниесіне үңілу;
-Шығармашылығын дамыта отырып,өзін тыңдай алуға бағыттау;
-Барлық мәселеден бір сәт алыстап,жан рахатын сезіне алу;
Арт-терапия нәтижесінде сынып жетекші жан дүниесіндегі жағымсыз эмоциялардан арылып, шығармашылық дамуына оң ықпалытиді. Шара мақсатына жетіп, қатысушылар жағымды нотада "ҚараОқы" музыка терапиямен қорытындылады.



